Орта Азиялық триатлон қарқынды дамуда
17
октября 19'

Орта Азиялық триатлон қарқынды дамуда

Өзбекстан астанасында Орталық Азия триатлон қауымдастығы (Central Asian Triathlon Association-CATA) атқарушы кеңесінің екінші отырысы өтті, оның құрамына бес елдің - Иран, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ауғанстан және Қазақстан триатлон ұлттық федерациялары кіреді.

САТА Президенті Ғалымжан Есеновтің төреағалығымен өткен отырысқа САТА мүшелері - САТА аға вице-президенті Шыңғыс Алқанов, САТА вице-президенті Фаррух Насыров, САТА бас хатшысы Максим Крят және САТА жауапты хатшысы Такеева Айнагүл қатысты. Отырыстың құрметті қонағы - Өзбекстан Триатлон Федерациясының Президенті Отабек Омаров болды.

Күн тәртібінде САТА ресми сайтын бекіту, САТА екінші конгрессі кезінде құрылған комитеттердің басшыларын сайлау, сондай-ақ САТА аясында алғашқы ресми жарыстарды өткізу, САТА рейтингтік жүйесі, қауымдастықтың құрамына жаңа мүшелерді енгізу, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және тағы басқа бірқатар маңызды мәселелер болды.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша қауымдастық жұмысының одан әрі бағытын анықтайтын бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Мәселен, САТА Медиа-комитетінің жетекшісі болып Almaty Triathlon Federation қамқоршылық кеңесінің мүшесі Уалихан Тен (Қазақстан) сайланды. Құқық комитетінің басшысы болып Жасур Таджиев (Өзбекстан) сайланды. Спорт комитетін Қанат Келсінбеков басқарды, ал паратриатлон комитетінің басшылығы Қырғыз Республикасының Триатлон Федерациясының бас хатшысы Елена Лыжина-Полченковаға тапсырылды.

Шымкент-Ташкент алғашқы трансұлттық бастау 2020 жылдың 3 мамырына жоспарланған болатын. Сондай-ақ делегаттар триатлоннан Орталық Азияның бірінші чемпионатын Азия Кубогы кезеңдерінен бөлек өткізу туралы шешім қабылдады. Осындай маңызды бастаманы Самарқанд пен Алматы қалалары да өз мойнына алады. Паратриатлон бойынша алғашқы бастамасын ұйымдастыру және өткізумен қырғыз тарапы айналысады. Қазақстандық спортшылар үшін ең қызықты шешім ретінде триатлоннан Қазақстан әуесқойлары арасындағы ұлттық турнирдің, "TEMIRADAM" Кубогының кейбір кезеңдері Өзбекстан мен Қырғыз Республикасында халықаралық деңгейде өткізілетін болады.

САТА Атқарушы комитетінің екінші отырысы осындай қуанышты жаңалықтармен есте қалды. Қазақстандық әуесқой атлеттер жаңа триатлон маусымының басталуын асыға күтуде.