О ТРИАТЛОНЕ

Қазіргі триатлон тұжырымдамасы ХХ ғасырдың басында Францияда пайда болған. «L’Auto» газетінде «LesTroisSports» деп аталатын жарыс туралы хабарланды, оны шарты бойынша үш кезеңнен өту керек болды: 3 км – жүгіру дистанциясы, 12 км – велосипедпен жарысу және Марна арнасын жүзіп өту. Барлық үш бөлігі де ешқандай үзіліссіз өтілетін. Уақыт өте келе асуға қажет қашықтықтар ұлғайтылды. Қазіргі кезде Олимпиадалық бағдарламаға кіретін триатлонының ең танымал модификациясы болып құрамына жүзу кезеңі, веложарыс және жүгіру сайысы кіретін бағдарлама табылады. Триатлонның жеке спорт түрі ретінде дамуының ең басында жүзу кезеңі аяқтаушы болатын. Веложарыс пен жүгіруден шаршаған атлеттер суда деала алады деп көзделген. Жарыстарға қатысатын спортшылардың саны артқан сайын атлеттің өмірі үшін қауіп төндіретін жағдайлардың саны көбейді. Жүгіру мен велосипедпен жүруден шаршаған бұлшық еттер құрысып қалатын. Сондықтан да жүзу кезеңін жарыстардың басына қою туралы шешім қабылданды.

1 stage

Жүзу

Жарыстар жүзуден басталады. Барлық қатысушыларға бірдей жағада, понтоннан немесе тура судың ішінде (ұзақ триатлон кезінде) жалпы старт басталады. Судың температурасы төмен болған жағдайда (IRONMAN триатлонының ережелері бойынша, әдетте 24,5°С-ден жоғары емес) қалындығы 5 мм дейінгі гидрокостюмдерді пайдалануға жол беріледі. Әдетте, жүзу буйлар және арқандармен белгіленген үшбұрыштық маршрут бойынша жүргізіледі. Маршруттың ұзындығын әр өз бетімен қысқарту үшін айыппұлдық ұпайлар есептеледі, дисквалификациялауды қолдану да мүмкін. Спортшылар өздері қалайтын кез келген жүзу стилін пайдалана алады. Көп жағдайларда – бұл кроль стилі.

2 stage

Велосипед жарысы

Судан шыққаннан кейін спортшылар транзиттік орында киімдерін ауыстырады, велосипедтерге отырады және велосипедтік жарыс басталады. Қашықтық бойында тамақтану орындары орналасқан, бірақ кәсіпқойлар үшін техникалық көмек көрсетуге тыйым салынған. Қысқа триатлонда әдетте топтық жарыстарға арналған тасжолдық велосипедтер пайдаланылады. IRONMAN триатлонында кәсіпқойлар влоспортта жеке жарыс үшін қолданылатындарға ұқсас велосипедтерді пайдалануды артық көреді. Халықаралық триатлон федерациясының (ITU) ережелері бойынша тасжолдық велосипедтерде рульге орнатылған қысқа «жатақтарды» пайдалануға жол беріледі. «Жатақ» тежеуіш тұтқалардың шеткі бөліктерін қосып тұратын сызықтан шығып тұрмауы тиіс. «Жатақтың» өзінің шығып тұратын бөліктерінің мүлде болмауы тиіс, немесе шығып тұратын бөліктері жалғастырғышпен (пластик ендірме немесе бірнеше қабат оқшаулағыш лентамен) қосылған болуы тиіс. Уақытқа жарысатын велоспорттағы жеке жарыстарда пайдаланылатындарға ұқсас ұзын «жатақтарға» тыйым салынады. Бұл түсінікті де, себебі қысқа триатлонда алда жүріп келе жатқан спортшының арқасына жай ғана жасырынып, өз аэродинамикаңды жақсарту мүмкіндігіне байланысты «жатақтардың» ерекше бір пайдасы жоқ. Олимпиадалық триатлонда веложарыс кезеңінде озып жүруге рұқсат берілген, яғни спортшылар топпен жүре алады. Ironman триатлонында топтасып озып жүруге тыйым салынады, спортшы алда келе жатқан велосипед немесе төрелік машинадан белгілі аралықта (шамамен 10-15 метр) жүріп отыруы тиіс, осылайша, велосипедтің аэродинамикасы маңызды бола түседі.

3 stage

Жүгіру

Ең басты ереже – спортшы аяқпен жылжуы тиіс. Кезеңдер арасындағы ауысу Кезеңдер арасындағы тәртіпті сақтау қатаң түрде белгіленген (жүзу -> велосипед -> жүгіру). Спортшылар басқа спортшыларға кедергі келтірмеуі тиіс (өздерінің велосипедтерін дайындау немесе киім ауыстыру кезінде). Олар велосипедтерін тек өздерінің белгіленген алаңшалары шегінде ғана айналымға дейін және одан кейін қолмен көшіре алады. Шлем айналымның алдында киіліп, велосипед арнайы рампаға немесе осы үшін бөлінген орынға қойылғаннан кейін шешілуі тиіс. Киім ауыстыру кезінде жалаңаш тұруға жарыстардың өткізу ережелерінің әлемдік стандарттарына сәйкес тйым салынады. Велосипед жарысы кезінде нөмірлік белгі спортшының арқасына тағылуы тиіс, жүгіру жарысы кезінде – кеудесіне тағылады. Спортшы әр кезең үшін белгіленген уақыт лимитінен аспауы тиіс.