Алматыда 2018 жылды аяқтаған спорттық іс-шара болып өтті
05
декабря 18'

Алматыда 2018 жылды аяқтаған спорттық іс-шара болып өтті

2018 жыл желтоқсанның 1-2, Алматыда, оңтүстік астананың 80 триатлеттері қатысқан жабық бөлмедегі триатлон бойынша қаланың ашық чемпионаты болып өтті.

Бірінші күні стартқа кәсіпқой спортшылар шықты. Оларға «Супер-спринт» қашықтығында (400 м - жүзу, 10км - велокезең, 3км - жүгіру) үш жас санатындағы ең мықтыларды анықтауға тура келді. Чемпионат жеңімпаздары болып келесілер анықталды: Кристофер Баранов (U15), Роман Санаров (U17), Снежана Шербул (U17), Денис Никищенко (U19), Юлия Озерова (U19).

2 желтоқсан күні, дәл сол қашықтықта 18-ден 60 жасқа дейінгі аралықтағы әуесқой триатлеттер күштерімен сынасты. Жарыс қорытындылары бойынша келесілер ең мықтылары деп табылды: Нурбол Нуралин (U18-29), Эвелина Хан (U18-29), Михаил Кувшинников (U30-39), Сауле Досжанова (U30-39), Вячеслав Кан (U40-49), Светлана Плясунова (U40-49), Талғат Жумағалиев (U50+).

Чемпионат ұйымдастырушылары:  «Almaty Triathlon Federation» ҚБ, Қазақстан триатлон федерациясы, World Class Almaty триатлон мектебі, «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры (Алматы Марафон), ShakhmardanYessenov Foundation ғылыми-білім беру қоры. Жарыстың бас төрешісі: Максим Чёрный (World Class Almaty триатлон мектебінің бапкері, триатлон бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері).

Алматы тритлон федерациясының (АТФ) Атқарушы директоры Руслан Когай белгілеп өткендей,  Indoor форматындағы (жабық бөлмелерде) чемпионаттар өліара кезеңінде өте маңызды. Спортшылар үшін бұл тек қана өздерінің көрсеткіштерін тексеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге басқа триатлон мектептерінің спортшыларымен бірге жарыста кездесу мүмкіндігі.

Алматы триатлон федерациясы 2018 жылы қала, республика және халықаралық деңгейлердегі жеті жарыс өткізді. Олардың ішінен ең бастысы Азия Кубогының кезеңі - ASTC Asian Cup Almaty болды.  Бұқаралық триатлонның даму стратегиясының аясында бес әуесқойлық старттар ұйымдастырылды.

Сурет: Almaty Triathlon Federation (Илья Величкин)