Almaty Triathlon Federation құрамасы Екінші Алматы жартылай марафонына қатысты
14
октября 19'

Almaty Triathlon Federation құрамасы Екінші Алматы жартылай марафонына қатысты

Almaty Triathlon Federation құрамасы Екінші Алматы жартылай марафонына қатысты. 13-қазанда біздің спортшылар жүгіруді ұнататындардың мыңдаған армадасының құрамында 10 және 21 шақырым қашықтықта стартқа шықты. 

Жарыс қорытындысы бойынша құрама жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтатын болсақ, Ануар Турубаев 21 км қашықтықта 3-ші орын, ал Светлана Саунина 10 км қашықтықта, қыздар арасында, 2-ші орын иегері атанды. 

Алматы жартылай марафонында 5 000-ға жуық әуесқой спортшылар мәре сызығын кесті. Бүкіл Қазақстаннан және әлемнің 25 елінен жүгірушілерді жинаған аталмыш спорттық іс-шара екінші рет өткізіліп отыр.