Александр Винокуров Ниццадағы Ironman 70.3 әлем чемпионы атанды
09
сентября 19'

Александр Винокуров Ниццадағы Ironman 70.3 әлем чемпионы атанды

Лондон-2012 Олимпиада чемпионы және "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өз жас санатында Ниццада (Франция) өткен Ironman 70.3 әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

45 жастағы қазақстандық қашықтықты 4 сағат, 28 минут және 47 секундта (жүзу, велоэтап және жүгіру) бағындырды. Жарысқа оның жас санатында 507 адам қатысты. Ал жалпы барлығы 3 344 қатысушысы арасында ол 93-ші орынға табан тіреді.

Осыған дейін Винокуров өзінің жас санатында Нұр-Сұлтандағы BI Group Ironman 70.3 Astanа жеңімпазы атанған болатын. Бұл жеңіс велоспорттан Олимпиада чемпионына келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама алып келді.

Сонымен қатар, "Астана" велокомандасының бас менеджері маусымның тағы бір басты жарысы - 12 қазанда өтетін Каилуа-Конда(Гавайи) Ironman 140.6 әлем чемпионатында өнер көрсетеді.